Ресейде ағаш тасымалына жаңа талап: Павлодарлықтарға нені білу керек?

Ресейде ағаш тасымалына жаңа талап: Павлодарлықтарға нені білу керек?
Фото: auto.onliner.by

Бұл туралы облыс бойынша мемлекеттік кірістер департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Ресей Федерациясының аумағында ағаш тасымалдауды жүзеге асыратын автомобиль көлік құралдарын техникалық бақылау құралдарымен (спутниктік навигация аппаратурасымен) міндетті түрде жарақтандыру қажет.

Спутниктік навигация аппаратурасымен жарақтандыру жөніндегі талаптар Ресей Федерациясының аумағы бойынша ағаш тасымалдауды жүзеге асыратын, оның ішінде шет мемлекеттерде тіркелген барлық автомобиль көлік құралдарына қолданылады.