Ресейде павлодарлық таэквондошылардың құрметіне ҚР әнұраны шырқалды

Ресейде павлодарлық таэквондошылардың құрметіне ҚР әнұраны шырқалды

Кұрама қоры сегіз алтын медальмен толықты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Санкт-Петербургте «Кубок оснавателя таеквон-до» ICTF атты ашық чемпионаты өтті. Спорттық шарада Ресей, Беларусь, Грузия, Оңтүстік Корея және Қазақстан елдерінен келген мыңнан астам спортшы басын қосты.

Халықаралық турнирде еліміздің намысын қорғауға тоғыз павлодарлық спортшы аттанған болаты. Олар 8-15 жас аралығындағы төрт жас санатында өнер көрсетті.

Турнир үш секция бойынша өтті – хьёнги (формальды жиынтығы), массоги (спарринг) және power kick (соққы күші) .

Хьёнги бағдарламасында Камила Әбутәліп алтын медальді жеңіп алды. Алинұр Қайырғалы екінші орынға ие болды. Ал қола иесі Нұрислам Мұстафин атанды.

Спарринг (массоги) бойынша Нұрәлі Нұржанұлы, Нұрислам Мұстафин, Әлихан Ниязбеков, Виктория Комкова және Камила Әбутәлиіп жеңіс тұғырының бірінші сатысына көтерілді. Ал Мәдениет Алдияров, Жан Шыңғажинов, Әлинұр Қайырғалы күміс медальдарға иеленді. Милена Куваникова үшінші орын алды.

Power kick соққы күші бөлімінде Нұрислам Мұстафин мен Камила Әбутәліп бірінші орындарға ие болды. Ал қола медалі Нұрәлі Нұржанұлына бұйырды.

– Камилла Әбутәліп үш алтын медаль жеңіп алып, осы турнирдің абсолютті чемпионы атанғанын атап өткім келеді. Мұстафин Нұрислам да екі алтын алып, көзге түсті, – деп атап өтті аға жаттықтырушы Артём Граблёв.

Сондай-ақ ол Ресейдегі бұл жарыстар облысымыздағы спортшылардың шеберлігін дәлелдегенін жеткізді.

Фото: «KAHARMAN» таэквондо клубы

Әсия Серікова