Екібастұзда мәнерлеп жылдам жүргізуден жеңімпаздар анықталды

Екібастұзда мәнерлеп жылдам жүргізуден жеңімпаздар анықталды
Фото: Игорь Тимошенко

Мәнерлеп жылдам жүргізуден ашық кубогының екінші кезеңі аяқталды, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Дәстүр бойынша жарысқа Қазақстан қалаларының пилоттары қатысты.

– Екінші кезең бірінші кезең сияқты өте қиын жағдайда өтті, – деді қатысушы және раллиді ұйымдастырушылардың бірі екібастұздық Александр Замятин. – Жоғары жылдамдықты жүргізудің мақсаттарының бірі – төтенше жағдайларда көлік жүргізу дағдыларын дамыту. Жауын-шашыннан кейін тректің беті өте тайғақ болды, бірақ соған қарамастан пилоттар өздерінің шеберліктерін көрсетті. 

«Алдыңғы жетек» санатында Петропавлдан Виталий Сотниченко, Екібастұздан Максим Хорищенко, Астанадан Юрий Буравский екінші кезеңнің жеңімпаздары болды.

«Артқы жетек» санатында Көкшетаудан келген Мақсұт Шиянов жеңіске жетті, павлодарлықтар Диас Ахметов пен Виталий Кин  екінші және үшінші орындарды иеленді. 

Unlim санатында көкшетаулық Константин Күлчитский «қола», Виталий Сотниченко «күміс», екібастұздық Максим Хорищенко «алтын» алды.