Розовка ауылында су көлемінің ұлғаю қаупі бар
Мұның себебі – күтілетін жаңбыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыс әкімі өзінің «Telegram» парақшасында мәлімдегендей, биылғы қыстың күрделі ауа райы елдегі су тасқыны жағдайына әсер етті.
– Желтоқсан мен қаңтардағы жылымық пен жаңбыр қардың жоғарғы қабаты мен жердің арасында тығыз мұз қалыптастырды. Бұл еріген судың сіңуіне жол бермей, ал түнгі жылы температура қардың жылдам еруіне ықпал етуде. Бұған наурыздағы жаңбыр қосылды, – дейді Асайын Байханов.
Өңірде су басу қаупі бар 20-ға жуық елді мекен күнделікті бақылауда. Олардың ішіндегі ең күрделісі Розовка ауылы.
– Бүгін жұмыстардың барысын, техниканың, күштер мен құралдардың болуын бақылау үшін ауылға барып келдім. Даладағы судың басым бөлігі ағып өтті, бірақ, әлі де келуде. Оның көлемінің ұлғаю қаупі бар, өйткені, жаңбыр жауады деп күтілуде, – деп атап өтті өңір басшысы.
Облыс әкімі жергілікті жерде жедел штаб өткізіп, ірі кәсіпорындарға су тасқынына қарсы іс-шараларға қосымша техника беруді және адамдарды көбейтуді тапсырды.
Оның айтуынша, 30 наурыз күні төтенше жағдай департаментімен бірлесіп, іс-қимыл жоспарын құру, қардың еру ауқымын бағалау және су басу қаупі жоғары учаскелерді белгілеу үшін облыстың ауылдарын ұшақпен аралап өту жоспарлануда.
Посмотреть эту публикацию в Instagram