Железин ауданында алғаш рет көкпаршылар бақ сынады (ВИДЕО)

Железин ауданында алғаш рет көкпаршылар бақ сынады (ВИДЕО)
Фото ашық дереккөзден

Шара ұлттық және ат спортын дамыту мақсатында ұйымдастырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Аудандық әкімдіктің мәлімдеуінше, облыстық деңгейде өткен турнирге 2 команда қатысты. Олар Алакөл және Еңбекші ауылдық округтерінен құралған «Қайсар» командасы мен  Башмачин, Веселорошин, Қазақстан, Лесной , Озерновский, Железин ауылдық округтерінен құралған «Тұлпар» командасы тартысты ойын өрнегін көрсетті.

- Жарысқа көптеген көрермен жиналды, оның ішінде жақын маңдағы ауылдардың тұрғындары да болды. Қиын тартыста 2:1 есебімен «Тұлпар» командасы жеңіске жетті. Сайыскерлер кубокпен, медальдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды, - делінген хабарламада.

Аудан әкімі Айтуған Шайхимов мұндай жарыстардың алдағы уақытта жиі ұйымдастырылатынын атап өтті. Ал жарысқа қатысушылар бұл бастаманы бірден қолдап, алдағы додаларға тыңғылықты дайындалатындарын, әрі тартысты ойын өрнегін көрсететініндеріне уәде берді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Железин Ақпарат (@jelezin_aqparat)