Сәрсенбі күні Павлодар облысында бұрқасын болады
Көшпелі бұлт шығады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қазгидрометтің мәліметінше, 19 сәуір күні түнде қар жауып, жаяу бұрқасын болады.
Солтүстік-батыстан жел соғады, күші 9-14 м/с құрайды.
Ауа температурасы түнде 7-9 градус аяз, күндіз 1-3 градус жылы болады.