Павлодарлықтар тағы сегіз қызыл әскер жауынгерінің заттарын тапты
Табылған жауынгерлердің жеке басы анықталмады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Бұл туралы «Майдан жолы» іздестіру зерттеу жасағының командирі Александр Шитов мәлімдеді.
– «Важинский іздеу жүйесі» отрядындағы ресейлік әріптестерімізбен бірге іздеу жұмыстарын жалғастырудамыз, – деді Александр Шитов. – Заяцкое ауылындағы жергілікті тұрғындардың сауалнамасынан кейін санитарлық жерлеуге аттандық. Қазу жұмыстары барысында сол жерден сегіз қызыл әскер жауынгерінің қалдықтарын таптық.
Табылған жауынгерлердің жеке басын анықтау мүмкін емес, себебі қасында жеке белгілері, заттары болмады.
Еске сала кетейік, экспедиция «Батырлар жолымен – қымбатты Даңқ» жобасы аясында Ленинград облысының Подпорожье ауданында өтіп жатыр. Жуырда іздестіру жұмыстарының нәтижесінде екі қызыл әскері жауынгерінің заттарын тауып алған еді.
Фото: «Майдан жолы» іздестіру зерттеу жасағы ұсынды