Сәрсенбіде Павлодар облысында жауын-шашын, желдің күшеюі күтіледі
Қазгидромет 8 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
- 08 наурызда Павлодар облысында түнде жауын-шашын, облыстың оңтүстігінде, орталығында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың шығысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, - деді Қазгидрометте.
Облыстың шығысында, солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ.
Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, күші 15-20, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан да аса күтіледі.
Облыста ауа температурасы күндіз 0 -2 °C болмақ.