Салық режимдерін таңдау кезеңі аяқталды

Салық режимдерін таңдау кезеңі аяқталды
Константин Шелковтың иллюстрациялық суреті

346 мың өзін-өзі жұмыспен қамтыған азамат арнаулы режимді таңдады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті 1 наурыздан бастап салық төлеушілерге қолданылатын салық салу режимін таңдаудың өтпелі кезеңі аяқталғанын мәлімдеді.

Өтпелі  кезеңнің қорытындысы бойынша бизнес субъектілерінің көпшілігі қызметін жүргізудің жеңілдетілген шарттарына бағытталған арнаулы салық режимдерін таңдады.

   -  1,2 миллионнан астам кәсіпкер жеңілдетілген декларациямен арнаулы салық режимін таңдады. Жеңілдетілген декларация шағын және орта бизнес арасында ең танымал режим болып қала береді, себебі ол кәсіпкерлер үшін сақталып, жаңартылды, - делінген хабарламада.

Бұл режимнің жылдық кірісі 600 000 АЕК-ке дейінгі шамамен 2,6 миллиард теңге салық төлеушілерге қолжетімді.

Режимнің артықшылығы жалдамалы жұмыскерлер санына шектеу жоқ, бұл еңбек қатынастарын заңдастыруға ықпал етеді, бірыңғай КТС/ЖТС мөлшерлемесі 4%, бұл ретте маслихаттарға мөлшерлемені 50%-ға дейін төмендету немесе жоғарылату құқығы берілген, қосылған құн салығынан босату және декларацияларды жыл сайын екі рет тапсыру және салықты төлеу.

Бұл шарттар бизнесті жүргізуде қарапайым, ашық және болжамды болуды реттейді.

Өзін өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін 346 мың жеке  адам қолдануда. Оның 265 мыңы жаңадан тіркелгендер. Осылайша, салық реформасы 265 мың жеке адамды «көлеңкелі» экономикадан шығарып, ресми түрде жұмыс істеуге мүмкіндік берді.

Бұл режим платформалық сервис арқылы жұмысты қоса алғанда, айына 300 АЕК-ке дейінгі (шамамен 1,3 миллион теңге) төмен табысы бар азаматтарға, сондай-ақ жалдамалы қызметкерсіз, эпизодтық қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға арналған.

- Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған режимді ҚР азаматтары және бұрын патент негізінде немесе арнаулы мобильді қосымша арқылы АСР-ді пайдаланған, дара кәсіпкер ретінде тіркелмеген, жалдамалы қызметкерлерді жұмысқа алмайтын және рұқсат етілген қызмет түрлерімен (40 қызмет түрі) айналысатын қандастар қолдануға құқылы, - дейді комитеттегілер.

Режимнің негізгі артықшылығы – өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға дара кәсіпкер ретінде тіркелу талап етілмейді. Әрі жеке табыс салығынан босатылады. Тек бір ғана міндеттеме –зейнетақы, әлеуметтік және медициналық жарналарды қоса алғанда, кірістің 4% мөлшерінде әлеуметтік төлемдерді төлеу міндеттеледі.

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған режим азаматтарға ресми түрде жұмыс істеуге, зейнетақы жинақтарын қалыптастыруға және әлеуметтік қорғау алуға мүмкіндік береді.

Өтпелі кезеңнің аяқталуы қолданыстағы салық режимдері бойынша салық төлеушілердің өзекті және ашық құрылымын қалыптастыруға мүмкіндік берді.