Санитарлық авиация жүкті әйелді Ертістен Павлодарға жеткізді

Санитарлық авиация жүкті әйелді Ертістен Павлодарға жеткізді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ұшу кезінде пациенттің жағдайы медицина мамандарының тұрақты бақылауында болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Қазавиаспас» тікұшағы медициналық көмекке мұқтаж жүкті әйелді шұғыл тасымалдау үшін Павлодар – Ертіс – Павлодар бағыты бойынша санитарлық рейс жасады.

Өтініш Ертіс аудандық ауруханасынан түскен. 36 апталық жүктілігі бар 29 жастағы пациентке мамандандырылған медициналық көмек қажет болған. Шақырту бойынша санитарлық авиацияның медициналық бригадасы – реаниматолог, гинеколог және медицина қызметкері жіберілді.

Павлодарға қонғаннан кейін пациент облыстық перинаталдық орталыққа жеткізілді. Жүкті әйел дәрігерлердің жіті бақылауында.