Санжар Әділов ММА-дан Азия ойындарының қола жүлдесін иеленді

Санжар Әділов ММА-дан Азия ойындарының қола жүлдесін иеленді
Фото: Туризм жəне спорт министрлігінен

Қазақстандық спортшы ММА-ның дәстүрлі стилі бойынша 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі Санжар Әділов Жапонияның Айти–Нагоя қалаларында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында қола жүлдеге ие болды.

Қазақстандық спортшы ММА-ның дәстүрлі стилі бойынша 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынап, жарыс қорытындысы бойынша үздіктер қатарынан көрінді.

Бұл жүлденің тарихи маңызы бар. Өйткені аралас жекпе-жек Азия ойындарының бағдарламасына алғаш рет енгізіліп отыр. Осылайша, Санжар Әділов ММА бойынша Азия ойындарында жүлде иеленген алғашқы қазақстандық спортшылардың бірі атанды.

Айта кетейік, XX жазғы Азия ойындары 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияның Айти–Нагоя қалаларында өтуде.

Еске сала кетейік, павлодарлық велошабандоз Азиада ойындарында алтыннан алқа таққан болатын. Рината Сұлтанова алғашқы жарыс күнінде үздік нәтиже көрсетіп, мәреге 36:23.72 уақытпен жетті.