«Saryarqa samaly» газетінің ертеңгі санында: Жеті қазына - қастерлі ұғым. Несие апанындағы нөпір халық

«Saryarqa samaly» газетінің ертеңгі санында: Жеті қазына - қастерлі ұғым. Несие апанындағы нөпір халық

@Pavlodarnews.kz «Saryarqa samaly» газетінің 16 наурыз, бейсенбілік нөмірінде жарық көретін негізгі материалдарға аңдатпа ұсынады. 

Қазақстандықтардың басым көпшілігі несиеге белшесінен батып жатқаны шындық. Кейбір есептер бойынша, халықтың банктер мен түрлі шағын қаржы ұйымдарынан алған кредиттерінің жалпы сомасы бизнестің алған қарызынан асып түскен. Бұл – өте алаңдатарлық жайт. Керісінше, шағын және орта бизнеске берілген несиенің экономикалық тиімділігі болады. 

Алдымен Алматының қоғамдық көлік саласына енгізіліп, кейін Астана қаласында жалғасын тапқан электронды төлем жүйесі бір жыл бұрын біздің облысқа да жетті. Жолаушыға қолайлы, есепке оңтайлы бұл жүйе автобус кондукторларына жайсыз тигені жасырын емес. Бүгінде қаладағы оннан астам үлкен класты қоғамдық көлікте кондукторлар қызмет етпейді. Яғни, енді жұмыссыз кондукторлар пайда болды. 

«Жеті» – қазақ халқы үшін киелі сан. Ата-бабамыз жеті санын қастерлеп, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпына, ата заңдарына арқау етіп келген. Қазақтың дәстүрлі дүниетанымында «Жеті қазынаның» орны ерекше. Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамына орай оқырман назарына осы қастерлі ұғымдардың басын біріктірген «Жеті қазына» айқармасын ұсынуды жөн көрдік.

Сонымен қатар, мұсылман қауымы асыға күтетін Рамазан айы келіп жетті. Ораза ұстаушы жамағат ауыз бекіту және ауыз ашу уақытын ертеңгі нөмірден біле алады. 

Бейсенбілік нөмірде аймақтағы осы және өзге де өзекті оқиғалар туралы материалдар жарияланады.