Саяхат пен эстафета: Павлодарлық оқушылардың күзгі демалысы қалай өтуде?
Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын ұйымдастыру білім алушылар санының 90%-дан астамын құрайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар қаласы білім беру бөлімінің іс-шаралар жоспарына сәйкес 28 қазан мен 3 қараша аралығында күзгі каникул кезеңінде оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру үшін іс-шаралар өтуде. Оған сәйкес жалпы білім беретін мектептерінің 50 мыңнан астам оқушысы түрлі қызығушылықтар бойынша іс-шаралармен қамтылады.
Мәселен, шағын аудандардың 18 600-ден астам оқушылары 8 мектептен тыс ұйымдарда, қаланың 17 аула клубтарында іс-шараларға тартылды.
Қосымша білім беру мекемелерінде музыкалық, техникалық, көркемдік, лингвистикалық іс-шараларға, түрлі экскурсияларға, спорттық жарыстарға қатысады. Алты мыңнан астам оқушы үшін Ж. Аймауытов атындағы театрға, Чехов атындағы драма театрға, кинотеатрларға, қала мұражайларына, көрмелерге бару жоспарланған.
Мектептерде «Менің Отаным – Қазақстан» викториналары, шеберлік сағаттар, білгірлер турнирлер, көңілді старттар, «В здоровом теле, здоровый дух» эстафеталары, оқушылар мен жас педагогтер арасында волейболдан бірлескен жолдастық кездесулер өткізіледі.
№ 9, 26, 34, 36, 39 мектеп оқушыларымен Астана, Шарбақты ауданының Шалдай, Орловка және Баянауыл ұлттық паркіне экскурсияға бару жоспарланды. Құрманғазы атындағы балалар музыка мектебінің тәрбиеленушілері Алматы қаласында өтетін қобыз және халық аспаптарында орындаушылардың халықаралық чемпионатына қатысады.
«Павлодар дарыны» балаларды бос уақытын ұйымдастыру және дарындылықты дамыту орталығында каникул күндері «Дені сау болу керемет!», спорттық эстафеталар, 150-ден астам белсенді оқушылардың қатысуымен «Пікірсайыс мектебі», «Жүргізділер мектебі», «Жас ақындар мектебі», «Алтын сын» олимпиадалық резерв мектебі жұмыс істейді.
Ал № 2, 21, 33, 36, 41, 46, Малайсары батыр атындағы, К. Мақпалеев атындағы, Б. Момышұлы атындағы, С. Торайғыров атындағы мектептің спорт залдарында оқушыларға арналған «Жаңа белес» спорттық эстафетасында 1-11- сыныптардың 330 оқушылары, қаланың 39 жалпы білім беретін мектебінде 6 спорттық-сауықтыру эстафеталары бойынша: «Жүгіру», «Баскетбол добымен жүгіру», «Тоннель», «Құрсаумен доп», «Доппен теннис ракеткасы» бақ сынасты. Жарыс спорттық және денсаулықтың нағыз мерекесіне айналды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Павлодар дарыны» орталығының I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды
30 қазанда балалар көркемсурет мектебінде «Төс алқасы» атты мектеп оқушыларымен шеберлік сағат өткізілді. 1 қараша күні көркемсурет мұражайында оқушылар жұмыстарының мерейтойлық көрмесінің ашылуы болады. 31 қазанда балалар экология және туризм орталығы «Күзді тұзбен саламыз» атты шебер сағатты өткізді.
30 қазан мен 3 қараша аралығында «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубының аула клубтарында «Күзгі бал» іс-шаралары, республикалық және халықаралық жарыстар мен конкурстарға дайындық бойынша жаттығулар өткізіледі.