Павлодар облысынан қандай тауарлар экспортталады?

Павлодар облысынан қандай тауарлар экспортталады?
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

9 ай ішінде сыртқы сауда айналымы 2,6 миллиард АҚШ долларын құрады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Жыл басынан бері облыстық мемлекеттік кірістер департаменті республикалық бюджетке 12,4 миллиард теңге кедендік төлемдер мен салықтардың түсуін қамтамасыз етті. Облыстық мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Руслан Рахымбердінің сөзінше, сыртқы сауда айналымының негізгі үлесі экспортқа тиесілі – 87%, импорт 13% құрайды. 

– Экспорттың негізгі тауарлық позициялары металлургия, мұнай-химия және отын-энергетика кешендерінің өнімдері болып табылады. Экспорт құрылымында мынадай тауарлар басым: металдар және олардан жасалған бұйымдар, минералды, химия өнеркәсібі өнімдері жануарлар және өсімдік тектес, жабдықтар мен механикалық құрылғылар,– деді облыстық мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Руслан Рахымберді.

Тауарлар импортының негізгі үлесі, яғни 50%-дан астамы тауарларды өндіру мен шығарудың жұмыс істеуі үшін тауарлар сатып алатын өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарына тиесілі. 

– Импорт құрылымында мынадай тауарлар басым: жабдықтар мен механикалық құрылғылар – 60%, химия өнеркәсібінің өнімдері – 15%, жануарлар мен өсімдіктерден алынатын өнімдер – 6,6%, металдар мен олардан жасалған бұйымдар – 4%, минералды өнімдер – 1,6%,– деп атап өтті Руслан Рахымберді.

Облыста жеті уақытша сақтау қоймасы, тауарларды сақтайтын 20 қойма, төрт бос қойма, бір еркін экономикалық аймақ бар. 

Тоғыз ай ішінде тауарларға 7500-ге жуық декларация ресімделді, оның 57%-ы автоматты тәртіпте, яғни лауазымды тұлғалардың қатысуынсыз шығарылды.