Сенбі күні Павлодар облысында қатты жауын жауады
Түнде жаңбыр күтіледі, деп хабарлайды @Рavlodarnews.kz.
Қазгидрометтің мәліметінше, 23 қыркүйек күні облыстың шығысында қатты жаңбыр жауады. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында жаңбыр күтіледі.
Солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 9-14, екпіні 15-20 метрді құрайды. Ауа температурасы түнде +6...+11, күндіз +10...+15 градус жылы болады.
Павлодар қаласында бұлтты ауа райы күтіледі. Түнде жаңбыр жауады. Солтүстік-батыс желі секундына жылдамдығы 9-14, екпіні 15-20 метрге дейін барады.
Сынап бағанасы түнде +7...+9, күндіз +12...+14 градус көрсетеді.