Сенбі күні Павлодар облысында +30 градус болады

Жауын-шашын күтілмейді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қазгидрометтің мәліметінше, 26 сәуірде оңтүстік желінің екпіні секундына 9-14, күндіз облыстың солтүстігінде 15-20 метрді құрайды.
Түнде ауа температурасы +6...+11, күндіз +25...+30 градус ыстық болады.
Павлодар қаласында ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Сынап бағанасы түнде +7...+9, күндіз +27...+29 градус көрсетеді.