18 ақпанда Павлодар облысында боран мен көктайғақ күтілуде

18 ақпанда Павлодар облысында  боран мен көктайғақ күтілуде
Фото: Константин Шелков

Желдің жылдамдығы секундына 15–20 метр дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыста түнде ауа температурасы -4...+1°C болса, күндіз 0...+5°C. Облыстың батысы мен солтүстігінде қар аралас жауын-шашын болады деп болжанса, жаяу боран, көктайғақ тағы күтілуде.

Желдің жылдамдығы секундына 15–20 метр, облыстың батысында, оңтүстігінде және шығысында екпіні 23–28 м/с дейін жетеді.

Ал Павлодар қаласында түнде 0...-2°C. Бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз 0...+2°C. Бұлтты, жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу боран, көктайғақ болжанады.