Шарбақты ауданында алаяқтардың құрбаны болған әйелдің ақшасы қайтарылды

Шарбақты ауданында алаяқтардың құрбаны болған әйелдің ақшасы қайтарылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қаскүнемдерге алданған әйел қомақты сомаға бөліп төлеу арқылы несие ресімдеген, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Шарбақты ауданының полиция бөліміне интернет-алаяқтардың құрбаны болған жергілікті тұрғыннан өтініш түскен. Полицейлердің жедел жұмысының нәтижесінде ақша келесі күні қайтарылды.

Тергеуші Гүлден Адамова мен жедел уәкіл Саят Рашитов дереу істі қарауға кіріскен, оқиғаның мән-жайын жедел анықтап, қажетті шараларды қабылдаған. Олардың кәсібилігі мен үйлесімді әрекеттерінің нәтижесінде жәбірленуші қарызға кіріп кетуден аман қалған. 

Жәбірленуші полиция қызметкерлеріне жедел әрекет еткені және көрсеткен көмегі үшін алғыс білдірді.

Маған осындай қиын жағдайда көмек көрсеткендеріңіз үшін өте ризамын. Сіздердің арқаларыңызда ақшам қайтарылды. Жұмыстарыңыз бен адамгершілік көзқарастарыңыз үшін алғыс айтамын, — деп жазды ризашылық білдірген ауыл тұрғыны.

Павлодар облысының полицейлері азаматтарға қырағы болуды және алаяқтардың қулықтарына түспеуді ескертеді.