Шарбақтылық балаларды спорт мектебіне жеткізу ұйымдастырылмақ
Бұған ата-аналардың өтініші себеп болған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Шарбақты ауданы әкімінің м.а. Сержан Иманқұловтың мәлімдеуінше, теміржол желісінің артында тұратын балаларды спорт мектебіне жеткізу мәселесі тұрғындармен кездесу кезінде көтерген.
- Ертең тестілік режимінде Шарбақты ауылының оңтүстік жағында яғни теміржол желісінің артында тұратын мектеп оқушыларын Шарбақты ауданының «Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ-не тасымалдау басталады. Оқушыларды тасымалдауға барынша ыңғайлы болу мақсатында ауыл тұрғындарының аялдамалар бойынша маршрут жасауға белсенді қатысуын сұраймын, - дейді Сержан Иманқұлов.
Аудан басшысының м.а. ауыл тұрғындарына өтініштері мен ұсыныстарын өзінің Instagram парақшасындағы direct-ке жазуға болатынын еске салды.