Асайын Байханов мемлекеттік қызметшілерді құттықтады
Асайын Байханов мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Аймағымызда әлеуметтік және экономикалық өзгерістерді жүзеге асыру, тұрғындардың өмір сапасы сіздердің (соның ішінде менің де) тиімді жұмыстарыңызға байланысты. Билікке деген сенім әрқайсымыздан басталады. Азаматтар біздің адал қызметімізге, кәсібилігімізге, уақтылы және дұрыс шешімдер қабылдауымызға иық артуға құқылы. Халыққа адал қызмет ету - бізге міндет. Біздің жалпы жұмысымыздың нәтижелері әрқашан тек халық игілігі үшін болсын! Сіздерге және жанұяларыңызға денсаулық, бақыт және барлық бастамаларыңызға сәттілік тілеймін!», – деп жазды Асайын Байханов Instagram-парақшасында.
Фото:.gov.kz