Тұман түседі: Павлодар облысында дауылды ескерту жарияланады

Тұман түседі: Павлодар облысында дауылды ескерту жарияланады
Фото: Константин Шелков

Жүргізушілерді жолда сақ болуды сұрайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«Қазгидромет» РМК-ның ақпараты бойынша 20 қарашаның кешкі сағат 21:00-ден 21 қарашасының таңғы сағат 9:00-ге дейін Павлодар облысының оңтүстігі мен шығысында дауылды ескерту жарияланады.

– Тұман кезінде автокөлік жүргізушілері өте сақ болу керек, себебі жол-көлік апатына ұшырау қаупі артады. Мүмкін болса, сапарды кейінге қалдырып, ауа-райының жақсаруын күткен дұрыс. Жолға шыққан жағдайда жүргізушілер қозғалыс жылдамдығын төмендеткен жөн. Кенеттен маневр және тежеу жасауын болдырмау керек,– деді облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметінде. 

Сондай-ақ, жүргізушілерге жолда қажетті дыбыстарды есту мүмкіндігін арттыру үшін автокөлік әйнектерін біраз түсіруге кеңес беріледі. Жолда тоқтаған кезде көлікті оң жаққа қойып, габариттік оттарды қосулы күйде қалдыруды сұрайды. Тұман кезінде балық аулаудан бас тарту ұсынылады.