Павлодарда полицияның белсенді көмекшілері марапатталды

Бүгінгі таңда өңірде құқық қорғау бағытындағы қоғамдық құрылымдардың саны 900-ге жуық адамды құрайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысы полиция департаменті қоғамның құқықтық мәдениетін қалыптастыруға белсенді қатысатын, оның ішінде заңның немесе әдеп нормаларының кез келген бұзушылықтары туралы хабарлайтын азаматтардың еңбегін атап өтті.
Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары құқық қорғау органдары мен азаматтық қоғам арасындағы әріптестікті дамытуды көздейді. Полицияның қоғамдық көмекшілерінің қатысуымен төрт қылмыс ашылды және түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін 86 адам жауапқа тартылды.
Павлодар облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Болат Нұрсейітов ішкі істер органдарына құқық бұзушылықтардың алдын алу және құқық тәртібін қамтамасыз ету мәселелерінде белсенді жәрдемдескені үшін Павлодар облысының құқық қорғау бағытындағы қоғамдық көмекшілерін грамоталармен және Алғыс хаттармен марапаттады.
– Сіздер іздеу іс-шараларына қатысып, біздің қызметкерлерге қылмыстың алдын алуда көмек көрсетесіздер. Осылайша, полицейлермен бірге қоғамдық тәртіпті сақтауға қатыса отырып, патриотизмді, азаматтық борышыңызды көрсетесіздер. Ішкі істер органдары мен еріктілердің өзара тығыз іс-қимылы тиімділігін көрсетті, – деп атап өтті Болат Нұрсейтов.
Полицейлер жыл сайын қоғамдық көмекшілер көбейіп келе жатқанын атап өтіп, азаматтарды төзімсіздікке және қоғамдағы бұзушылықтарға қарсы тұру – жастардың құқықтық сана-сезімін арттыру және оларды ел заңдарын құрметтеу рухында тәрбиелеудің бір жолы деп санайды.