Шідерті – Ақмола автожолы жабылды
Оған ауа райының нашарлауы себеп, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
— 11 наурыз күні сағат 10:30-дан бастап Шідерті кентінен Ақмола облысының шекарасына дейінгі автожолда ауа райының қолайсыздығына байланысты қозғалыс шектелді. Төменгі боран салдарынан жол барлық көлік түрлері үшін уақытша жабылды, - делінген хабарламада.
Тәртіп сақшылары алыс жолға шықпас бұрын 1403 байланыс орталығына хабарласып, толық ақпарат алуды ескертеді.