23 маусымда Павлодар облысында тағы да жоғары өрт қаупі сақталады

23 маусымда Павлодар облысында тағы да жоғары өрт қаупі сақталады
Фото: Константин Шелков

Күндіз аздаған жел соғады, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz.

Қазгидрометтің мәліметінше, ҚР барлық аумағында найзағаймен жаңбыр жауады. Тек республиканың оңтүстік-батысында және оңтүстігінде – жауын-шашынсыз ауарайы сақталады. Республиканың басым бөлігінде желдің күшеюі, бұршақ, оңтүстік-батыста дауыл күтіледі.

Күндіз Павлодар облысының батысында және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Аймақтың солтүстігі мен шығысында синоптиктер жаңбыр жауады деп болжайды, қалған бөлігінде ауыспалы бұлттылық, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Павлодарда 23 маусымда өрт шығуы мүмкін, күн бұлтты бұлтты болады, жаңбыр жаумайды.

Түнде температура +7...+12°C, күндіз + 18...+23°C көрсетеді. Желдің жылдамдығы 9-14 м / с құрайды.