Сіздің атыңыздан несие алмақ: Павлодарда жалдамалы алаяқ ұсталды (ВИДЕО)
Күдіктінің шотына белгісіз адамдардан ақша түскені белгілі болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Polisia.kz ақпараттық-медиа порталының мәліметінше, соңғы уақытта Павлодар облысы аумағында алаяқ қылмысы артқан.
6 маусымда Forte bank қызметкерлерінің көмегімен облыс орталығындағы банкоматтарда алаяқтық жолымен өндірілген ақшалай қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырумен айналысқан 28 жастағы павлодарлық қызметкер анықталып, ұсталды.
Күдіктінің шотына белгісіз адамдардан ақша түскені белгілі болды. Ол бұл адамдармен Telegram арқылы байланысқан. Қаскүнемдер аңғал азаматтаға қоңырау шалып, өздерін әртүрлі банктердің қызметкерлері ретінде таныстырған. Олардың атынан несие алайын деп жатыр деген сылтаумен қажетті ақпаратты алып отырған: sms кодтары мен карта нөмірлері. Кейін құпия деректер арқылы олардың шоттарынан ақша ұрлаған.
– Тергеу жедел іс-шараны өткізу барысында күдікті қылмыстық схема бойынша Ақтоғай ауылының 42 жастағы тұрғынынан 3,9 млн теңге сомасында ақша қаражатын иемденгені анықталды. Аталған фактіге қатысты полиция Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабы 2-бөлімінің 4-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, – деді Павлодар облысы полиция департаментінің бастығы Василий Скляр.
Павлодар облысы полиция департаменті тұрғындарға әсіресе егде жастағы азаматтарға қырағы болуға және мұндай қоңырауларға сенбеуге шақырады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram