Сәуірдің соңғы күні Павлодар облысында күн ашық болады

Сәуірдің соңғы күні Павлодар облысында күн ашық болады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жауын-шашын күтілмейді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.   

Қазгидрометтің ақпараты бойынша, желдің жылдамдығы секундына 9-14, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, батысында екпіні 15-20 метрді құрайды.

Облыс бойынша температура түнде 0...+ 5°C, облыстың батысында, оңтүстігінде -3°C, күндіз +9...+14°C болады. 

Павлодарда сынап бағанасы түнде +1...+ 3°C, күндіз + 12...+ 14°C көрсетеді.