Түркияда инфляция күшейеді
Түркияда жыл аяғына дейін инфляция деңгейі 59 пайыздан асады, деп хабарлайды 24.kz.
Бұл елдің Орталық банкі қаржы мамандарының арасында жүргізген сауалнамадан кейін белгілі болып отыр. Сондай-ақ желтоқсан айында жергілікті валютаның 1 долларға шаққандағы құны 30 лираға жуықтауы мүмкін.
Сауалнамаға әртүрлі қаржы нарығының 40 өкілі қатысқан.