Тату шебері: Павлодарда тату салдыратындардың саны көбеюде
Суретші мұндай қадамға бармас бұрын жақсылап ойлануға кеңес береді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Бұл туралы облыстық кітапханада өткен «Жанды кітапхана» атты кездесуде суретші, тату шебері Әділ Шаймұрат мәлім етті. Шара барысында ол студенттерге тату салдыру жайлы айтып берді.
– Тату саласында жүргеніме 6 жыл болды. Негізігі мамандығым – суретші. Менің атам сурет салған, бәлкім бұл өнер сол кісіден дарыған болар. Бүгінгі таңда денесіне сурет салдырушылардың саны көбеюде. Алайда тату салардың алдында толықтай ойланған дұрыс, – дейді Әділ Шаймұрат.
Шебер басқа қалаларда да жұмыс істейтінін және бүгінгі таңда өзінің тұрақты клиенттерін тапқанын айтады. Сондай-ақ, ол өзінің брендті киімдерін шығарған. Сол брендті әлемге танытып, дамытуды қалайды.
Еске сала кетейік, кітапханадағы іс-шарада «Музыкалық колледж – дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернаты» кешенінің басшысы Серік Сыздықов өзінің музыкалық жолы жайлы айтып берді.