Таза Қазақстан: «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» емен мен шырша көшеттерін отырғызды

Профилакторий аумағында ағаш отырғызу дәстүрге айналған. Бұл іс-шара жыл сайын қайталанады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ-на қарасты «Энергетик» профилакториясының ұжымы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына белсенді түрде қатысты. Табиғатты қорғау мақсатында демалыс орны аумағына 15 түп емен мен шырша көшеттері отырғызылды.
– Біз отырғызылған ағаштар уақыт өте келе жайқалып өсіп, профилакторийге келетін демалушыларға, оның ішінде компаниялар тобының қызметкерлеріне, қуаныш сыйлайды деп сенеміз. Ертіс өзенінің көркем жағалауында орналасқан профилакториямыздың аумағын абаттандыруды жалғастыра береміз, – деді мекеме директоры Александра Вахрушева.
Компанияның баспасөз қызметі табиғатқа ұқыпты қарау мен тыныш, жайлы орта қалыптастыру — демалушылардың жайлылығын қамтамасыз етудегі басты бағыттардың бірі екенін атап өтті. Ағаш отырғызу – жыл сайын дәстүрге айналған игі іс.
Еске сала кетейік, Астана қаласында еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған белсенділерді, волонтерлерді, мектеп оқушыларын, стартап және бизнес өкілдерін біріктірген ауқымды экологиялық фестиваль өтті. Өңірлік ерікті Арина Краскова экологиялық қозғалысты дамытуға қосқан үлесі және «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысқаны үшін Мемлекет басшысының Алғыс хатына ие болған еді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram