Тазалық күні: Павлодарлықтарды көпір жанында күтеді

Тазалық күні: Павлодарлықтарды көпір жанында күтеді
pexels.com

Елімізде бұл акция 5 жыл қатарынан өткізілуде, деп хабарлайды деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының мәліметінше, 16 қыркүйек күні «Дүниежүзілік тазалық күніне» орай сенбілік өткізілмек. Басқарма әлеуметтік желіде барша ниетті павлодарлықтарды аталмыш акцияға қатысуға шақырады.

– Жыл сайын елімізде және облыста акцияға қатысушылар саны артып келеді. Бұл адамдардың табиғатқа ұқыпты қарауын түсіне бастағанын көрсетеді. Қазақстандықтар акцияны қолдау мақсатында сенбілікке шығуды дәстүрге айналдырған. Туған жерімізді бәріміз бірге тазалықта ұстап, әдемі етейік, – дейді басқармада.

Акцияға қолдау білдіріп, тазалық күніне келуге ниетті тұрғындар сағат 10:00-де Усолка көпірінің маңында жиналмақ.