Темір жолдағы оқиға: Павлодарда пойыз қағып кеткен адам реттеуші болып шықты

Темір жолдағы оқиға: Павлодарда пойыз қағып кеткен адам реттеуші болып шықты

Жазатайым оқиғаға қатысты тергеу жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық еңбек басқармасының мәліметінше, зардап шеккен 59 жастағы  тұрғын «Қазақстан темір жолы ҰК» АҚ бөлімінде реттеуші болып жұмыс істеген.

– Аталған дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 156-бабының 2-бөлігімен (денсаулыққа ауыр зиян келтіруге әкеп соқтырған еңбекті қорғау қағидаларын бұзу) Павлодар станциясындағы желілік полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді, - деді ҚР ІІМ көліктегі полиция басқармасының баспасөз қызметінде.

Сондай-ақ басқармада ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес өзге мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етуге жатпайтынын хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, 28 қаңтарда сағат 10:54-те  Успен көпірі маңындағы теміржолда ер адамның аяғын пойыз басып кетті.  Зардап шеккен адамда көптеген жарақаттар, аяқтың травматикалық ампутациясы, екінші дәрежелі аралас шок және басқа  да жарақаттар  анықталды.

Фото: Константин Шелков