Павлодар облысында автобус жүргізушісі айыппұл төлейді

Павлодар облысында автобус жүргізушісі айыппұл төлейді
Фото:pixabay.com/planet_fox

Ол рұқсат етілмеген жерде көлікті тұраққа қойды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, көліктерін тыйым салынған жерлерге қоятын жүргізушілерді жиі кездестіруге болады. Алайда мұндай құқықбұзушылықтарға көз жұма қарауға болмайды. Өйткені мұндай әрекеттер арқылы автокөлік иелері тек жүргізушілерге ғана емес, жаяу жүргіншілерге де қолайсыздық тудырады.

– Мәселен, Солнечный кентінде ер адам Higer маркалы көлігін жүргізіп келе жатып, жаяу жүргіншілер өткелінің алдында тоқтаған. Осылайша ол жол қозғалысы ережесін бұзған. Көлікті тоқтату немесе тұраққа қою қағидаларын бұзғаны үшін автокөлік иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлады Павлодар облысы ПД.

Айта кету керек, жыл басынан бері полицейлер осындай екі мыңнан астам құқықбұзушылықты анықтап, жолын кесті.

Ведомство егер сіз құқықбұзушылықтың куәгері болсаңыз, «102» арнасына хабарлауыңызға немесе «Police 102» мобильді қосымшасын пайдалануыңызға болатынын еске салады.