ТОП-100: Павлодар облысында қанша білім ошағы үздік 100 олимпиадалық мектеп қатарына кірді

ТОП-100: Павлодар облысында қанша білім ошағы үздік 100 олимпиадалық мектеп қатарына кірді

Бұл қатарға Ертіс-Баян өңірінен онға жуық мектер кірген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Үздіктер тізімін облыстық білім басқармасының басшысы Самал Айтқазина бүгінгі тамыз кеңесінде атап өтті.

- Облыс бойынша Қазақстанның үздік 100 олимпиадалық мектебінің қатарына  №8 лицей, №3 гимназия, "Жас дарын" мектебі, жасөспірімдерге арналған "Білім-Инновация" лицейі, облыстық көпсалалы лицей-интернаты, Павлодар қаласының №35, Ақсу қаласының №14 және Екібастұздың №17 мектептері кірді, - деді басқарма басшысы.

Сонымен қатар, Самал Айтқазина өңірдегі білім беруді дамыту туралы "WorldSkills Kazakhstan" Ұлттық кәсіби шеберлік байқауында павлодарлық студенттер 13-ші позициядан төртінші орынға көтерілгенін де тілге тиек етті.

- Мектептерде және қосымша білім беру ұйымдарында шығармашылық үйірмелер мен спорт түрлеріне қатысатын балалардың саны күн санап өсіп келеді. Мәселен 40 мыңнан астам бала спорттың 36 түрімен айналысады, - деді ол.

Еске сала кетейік, кеңесте Павлодардағы жекеменшік мектептердің санын арттыру ұсынылды. Сонымен қатар, қалалар мен аудан әкімдерінің білім гранттарын қайта беру мәселесі сөз болды.