ТЖД павлодарлықтарды терек мамығының жануы туралы ескертеді

ТЖД павлодарлықтарды терек мамығының жануы туралы ескертеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ауа райының ыстық болу әсерінен өрт қауіптілігі туындауда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, гүлдену кезінде терек мамығының жануына байланысты өрттер орын алады.

– Мамықтың тез жануы ауа райының ыстық болу әсерінен туындайды. Өрт тұрғын үйлердің, автокөліктердің және басқа да мүліктердің өртенуіне себепкер. Өрттің негізгі салдары – сөндірілмеген темекі тұқылы, сіріңке, балалардың отпен ойнауы және тағы басқалары, – дейді баспасөз орталығында. 

Өртті болдырмау үшін тұрғындар мен ұйымдарға келесі қарапайым ережелер ұсынылады: 

  • терек мамығы көп жиналатын жерлерді, аулаларды, тротуарларды күнделікті тазалауды, суаруды ұйымдастыру; 
  • балалардың терек мамығын жағу ойындарына жол бермеу.
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Павлодар Облысы Тжд (@pavlodar_tjd)