Төбесінен су аққан Ақсудағы балабақша жөндеуден өтеді
Оған ішінара жөндеуге 2 миллион теңгеден астам қаражат бөлінген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Ақсу қаласындағы №16 бөбекжай балабақшасындағы балалардың ата-аналары төбесі шұрық-тесік балабақшаның бүгінгі жайын айтып шағымданған. Балалары тәрбиеленіп отырған мекеменің көңілге қонымсыз суретін Instagram-да жариялады. Онда арам судан сарғайып кеткен тқбені көруге болады.
- Балабақша төбесінің көрінісі осы. Тәрбиешілер дәретханада және бірнеше топта осындай оқиға болғанын айтты, - дейді ата-аналар шағымданды.
Ақсу қаласы әкімдігі аталған мәселеден хабардар екенін жазды.
- Шатырды ағымдағы жөндеуге 2,5 миллион теңге сомасында қаражат дайындалды. Өз бюджетінің ішкі қозғалысы есебінен қаражат мамыр айында бөлінеді. Бұл сомаға шатырды ішінара жөндеу жұмысы жүргізіледі, - деп түсіндірді әкімдік.
Мектепке дейінгі мекеменің басшысы Ольга Перницкаяның айтуынша, балабақша 1970 жылы салынған. Ғимараттың шатыры соңғы рет 2014 жылы жөнделген, бірақ төрт жылдан кейін төбеден қайта су аға бастаған.
- 2019 жылы дренажды ауыстыра отырып, лакпен жөндеу жүргізілді. 2021 жылы шығындарды үнемдеу есебінен 115 шаршы метр жөнделді. Бірақ қазір бұрын су ақпаған жерлерденде тамшылар тамуда. Бізде 10 топ бар. Оның екеуін тараттық. Өйткені төбеден су ағып жатыр. Балабақша төбесі ескі, сондықтан оны толығымен жаңарту керек, - деді Ольга Перницкая.
Оның айтуынша, балабақша 250 балаға арналған. Бүгінде мұнда 165 бала бар. Мекемеге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Бөлінген қаржыға терезелер, қасбеті мен асүйді жөндеу кірді.