Успен ауданында айтыс өтті
Оған республикадан айтыскерлер қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Успен ауданында Республика күнінің қарсаңында өткізілген «Ұлы елдің ұрпағымыз» атты жыр додасы ұйымдастырылды. Аталмыш айтысқа Рауан Қайдаров, Еркебұлан Қайназар, Бөкен Жігер, Нария Ақбаба, Нұрсұлтан Рымбай, Ерлан Аманқожа, Қабдолла Бейсқан, Абзал Қабдраш, Нұртілеу Төленбек, Нұрбек Бәкір сынды айтыскерлер қатысты.
Арнайы жүлдені Нұртілеу Төленбек, Нәрия Ақбаба, Нұрбек Бәкір алса, үшінші орынды Мизан Жұмәлі, Хабдолла Бейісхан, Рауан Қайдар сынды айтыскерлер қанжылады. Екінші орын Ерлан Аманқожа мен Нұрсұлтан Рымбайға бұйырса, бірінші орын Бөкен Жігерге берілді. Бас жүлдені Түркістаннан келген айтыскер Еркебұлан Қайназар алды. Оған 500 мың теңге бұйырды.
Еске сала кетейік, Май ауданында өткен айтыстың бас жүлдесін алматылық ару Айым Асылбекқызы алған еді.