Успен ауылында жұмыс іздеп жүрген жандар үшін бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды

Ол жергілікті мәдениет үйінде өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Мансап орталығы бос орындар жәрмеңкесін Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ұйымдастырды. Іс-шараға жиырмаға жуық жұмыс беруші, 38 жұмыс іздеуші қатысты.
Успен ауданының ішкі саясат бөлімінің мәліметінше, бос орындар жәрмеңкелері үнемі өткізіліп тұрады. Бұл жолы әр түрлі жергілікті кәсіпорындар мен мекемелерді ұсынған 19 жұмыс беруші келді. Олардың ішінде шаруа және фермер қожалықтары, «ПРЭК» АҚ аудандық электр станциясы, орталық аудандық аурухана, полиция бөлімі болды.
Іс-шара сәтті өтті: 13 адам әңгімелесуге шақырылды. Осылайша, бос орындар жәрмеңкесі жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілер арасындағы тікелей диалог үшін, сондай-ақ, өз орнын табудың тамаша алаңына айналды.