Жарық болмайды: Павлодарда алаяқтар жаңа әдіске көшкен

Жарық болмайды: Павлодарда  алаяқтар жаңа әдіске көшкен
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ мұндай ақпаратқа сенбеуді сұрайды, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Телефон алаяқтары 1414 бірыңғай байланыс орталығының нөмірінен СМС-хабарламалар жолдау арқылы жеке деректерге қол жеткізудің жаңа схемасын ойлап тапты, – дейді компанияда. 

Хабарламада сіздің мекенжайыңыз бойынша электр қуатын ажырату жоспарланғаны және басқа электр желісіне ауысу үшін кодты жіберу қажеттілігі туралы жазылған.

Электр энергиясының барлық жоспарлы ажыратулары «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ сайтында және компанияның ресми Instagram-аккаунтында жарияланады.

Сонымен қатар, диспетчерлік қызметтің келесі телефон нөмірі бойынша электр желілеріндегі жұмыстар туралы ақпаратты нақтылауға болады: 8 (7182) 61-38-38, 61-06-06