Оқушы сөмкесінің салмағына қатысты қандай талаптар бар?

Оқушы сөмкесінің салмағына қатысты қандай талаптар бар?
Фото: pexels.com/Erik Mclean

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жаңа оқу жылында балаға арналған сөмкені дұрыс таңдауда нұсқаулық берді, деп хабардайды @Pavlodarnews.kz.

Мамандар ата-аналарға кең және жұмсақ төсемі бар белдіктер, ортопедиялық арқасы, жеңіл, су өткізбейтін материалға назар аударып, міндетті түрде жарық шағылыстырғыштары бар сөмкені таңдауға кеңес береді. Сондай-ақ, ересектер балалардың сөмкелерін тексеріп, артық заттарды алып, сөмкені екі иыққа киіп жүруге үйрету керек.

–  Ауыр болса — кітаптарды мектепте қалдыруды мұғаліммен ақылдасыңыз. Жалпы салмақ баланың дене салмағының 10 пайызынан аспауы тиіс. Баланың денсаулығы — сіздің таңдауыңызға байланысты, – деді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде.

ҚР ДСМ №ҚР ДСМ-76 бұйрығы бойынша нормаларға сәйкес мектеп сөмкесінің салмағы 1–3 сынып – 2 келі, 4–5 сынып – 2,5 келі, 6–7 сынып – 3,5 келі, 8–11 сынып – 4,5 келіге дейін болуы тиіс.