Жасыбайда екі адамға арналған катамаранға бес адам мініп, оқыс оқиға болды

Жасыбайда екі адамға арналған катамаранға бес адам мініп, оқыс оқиға болды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Демалушылар құтқарылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға 13 шілде күні сағат 15:22-де Жасыбай көліндегі демалыс аймағында болған. Катамаранға шамадан тыс адам мінгізілуі салдарынан су көлігі аударылып қалған.

–  Оқиға орнына жедел жеткен ТЖД құтқарушылары суда қалған бес адамды – екі әйел мен үш ер адамды қауіпсіз түрде жағаға эвакуациялады. Құтқарушылардың жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында оқиға зардап шеккендерсіз аяқталды. Құтқарылған азаматтарға медициналық көмек қажет болған жоқ, – деді ТЖД баспасөз қызметінде. 

Мамандар тұрғындар мен демалушыларды судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға, жүзу құралдарын шамадан тыс жүктемеуге және өз өміріне жауапкершілікпен қарауға шақырды.