Жаңа жыл қарсаңында Астана – Павлодар бағытында қосымша электр пойызы қатынайды
Ел бойынша қосымша рейстердің тағайындалуы мереке күндері 3 000-нан астам жолаушыны тасымалдауға ықпал етеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында жолаушылар санының көбеюіне байланысты «Жолаушылар тасымалы» АҚ ең сұранысқа ие қала маңы бағыттарында қосымша электр пойыздарын тағайындайды.
№7510/7509 «Астана-1 – Павлодар» пойызы 29 және 31 желтоқсан күндері жүреді. «Астана-1» станциясынан жөнелтілуі 15:30-да, Павлодар станциясына келуі 22:06-да.
Кері жөнелтілуі (келесі тәулікте) Павлодар станциясынан — 11:10-да, «Астана-1» станциясына келуі 18:05-те.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушыларға билеттерді алдын ала сатып алуды және қала маңы бағыттарында сұраныстың жоғары болатынын ескеруді ұсынады.
Толығырақ ақпаратты 1433 нөмірі арқылы алуға болады. Пойыздардың қозғалысы туралы мәліметтер ресми онлайн-табло сайтында https://tablo-railways.kz/ru/ қолжетімді.