Железин ауданында сот талқылауынан кейін медпункттің құрылысы қайта жанданды

Құрылыс жұмыстарын екі айдан кейін аяқтау жоспарланып отыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Аудан әкімі Айтуған Шайхимов жұмыс сапарымен Мыңкөл ауылына барып, құрылыс жұмыстары қайта басталған медициналық пункттің жағдайымен танысты. Бұған дейін құрылыс келісімшарт талаптарының орындалмауына және мерзімдердің сақталмауына байланысты тоқтатылған болатын.
– Сот процестері аяқталып, барлық қажетті рәсімдер шешілгеннен кейін мердігер ұйым – «Қайрат ЭК» жауапкершілі шектеулі серіктестігі нысанды аяқтау жұмыстарына кірісті. Қазіргі уақытта құрылыс алаңында сегіз адам жұмыс істеп жатыр. Мердігер ұйымның алдында жұмысшылар санын арттырып, құрылыс қарқынын күшейту міндеті қойылды, – деді Айтуған Шайхимов.
Айта кетейік, медициналық пунктті тапсыру мерзімі — осы жылдың 1 шілдесіне жоспарланған.