Железин ауданында тұрғындар көлік жүргізуді үйрену үшін алысқа бармайды
Ауданда автомектептің алғашқы түлектері куәлік алды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Енді көлік жүргізуді үйренгісі келетін ауыл тұрғындары үшін ауданнан тыс жерлерге барудың қажеті жоқ. Жақында мұнда «А-старт» автомектебінің жергілікті филиалы ашылды.
– Бірінші топта 19 адам оқудан өтіп, барлығына курсты сәтті аяқтағаны туралы куәлік табыс етілді. Бүгінгі таңда алғашқы түлектердің үшеуі емтихан тапсырып, жүргізуші құқықтарына ие болды. Болашақ жүргізушілерге арналған сыныптар «Қазпошта» ғимаратының екінші қабатында орналасқан, – дейді филиал басшысы Ермек Сейплденов.
Мұнда оқытуға қажетті барлық заттар, соның ішінде автоматты және қолмен беріліс қорабы бар автомобильдер қарастырылған. Теория мен практиканы тәжірибелі тәлімгерлер үйретеді, толық оқыту курсы екі айға созылады, ауыл тұрғындары оқуын бөліп төлей алады.
Тіпті, шалғайдағы ауыл тұрғындары қашықтықтан өтініш беріп, оқудан өте алады.
Айта кетерлігі, бүгінгі таңда өз көлігін алуға және көлік жүргізуді үйренуге ниет білдірушілер саны артып келеді, сондықтан аудандардағы автомектептер сұранысқа ие болады.