Железин ауданында заңсыз аң аулаған күдіктілер ұсталды
Барлық ұсталғандарға келу міндеттемесі түріндегі процессуалдық шара қолданылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Железин ауданына қарасты Крупское ауылы маңындағы далада полиция қызметкерлері өзге құқық қорғау органдарымен бірлесіп, «Daewoo Nexia» маркалы автокөлікті тоқтатты. Көлікті 36 жастағы шаһар тұрғыны басқарған, салонда тағы үш облыс тұрғыны болған.
Тексеру барысында көліктен екі қоңыр аңның – болжам бойынша еліктің тұлыбы және төрт атыс қаруы табылып, тәркіленді.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қазіргі уақытта заңсыз аңшылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Барлық ұсталғандарға келу міндеттемесі түріндегі процессуалдық шара қолданылды.