Жыл басынан бері Қазақстан экономикасы айтарлықтай өсті

Жыл басынан бері Қазақстан экономикасы айтарлықтай өсті
Фото: ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналынан

Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин баяндады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қазақстан экономикасы осы жылғы қаңтар-маусым айларының қорытындылары бойынша 6,2 пайызға жетіп, оң өсімді көрсетуде. 

Бұл қарқын алғашқы бес айға қарағанда 0,2 пайызға жоғары және соңғы 14 жылдағы ЖІӨ өсуінің ең жоғары көрсеткіші болып саналады. Салыстыру үшін, өткен жылдың ұқсас кезеңінде өсім 3,2 пайызды құрады. 

Экономиканың нақты секторы +8 пайыз және қызмет көрсету саласы болды, ол 5,2 пайызға өсті. Көлік (+22,7%) және құрылыс (+18,4%) салалары айтарлықтай үлес қосты. Сондай-ақ саудада жандану және тау-кен өнеркәсібінде тұрақты өсу байқалады (+8,4%).Өңдеу секторы 5,5 пайызға, ал ауыл шаруашылығы 3,7 пайызға өсті.

Инвестициялар мен сыртқы сауда Қазақстанның экономикалық өсуін қолдайды. Қазақстанда негізгі капиталға салынған инвестициялар 19,3 пайызға өсті. Өсім болашақ экономикасын қалыптастыратын салаларда байқалады: білім беру 3,5 есеге, қаржы және сақтандыру қызметі – 86,2% пайызға, өңдеу өнеркәсібі –  48,9 пайызға, Денсаулық сақтау –  32,8 пайызға және көлік 16,2 пайызға өсті. 

Сонымен қатар, осы жылдың қаңтар-мамыр айларының қорытындысы бойынша сыртқы сауда тауар айналымы $53,5 млрд-ты құрады. Экспорт $29,8 млрд-қа жетті, бұл ретте өңделген тауарларды шетелге сату $10,2 млрд-ты құрады. Импорт 2,2 пайызға артып, $23,8 млрд-ты құрады. 

– Сонымен қатар көлік және сауда қызметтерін дамытуға астық тасымалдау көлемін ұлғайту енгізілді. Экспорт 35,2 пайызға өсіп, 11,8 млн тонна астық пен ұнға жетті, ал 9 млн тонна астық – бұл соңғы 13 жылда тіркелген ең жоғары көлем. Негізгі бағыттары – Өзбекстан, Тәжікстан, Иран, Әзербайжан. Сыртқы сауданың жалпы төмендеуіне қарамастан, Қазақстан $6 млрд көлемінде оң сауда балансын сақтап отыр, – деді Серік Жұманғарин.

Бұдан бөлек, Үкімет отырысында экономиканың негізгі секторларының экономикалық көрсеткіштері қаралды. 

Серік Жұманғариннің айтуынша, өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемі 5,5 пайызға өскен. Аталған өсімге машина жасаудағы өндірісті 11,, тамақ өнімдерін – 10, мұнай өңдеу өнімдерін – 9,6, металл бұйымдарын – 14,6, құрылыс материалдарын – 8,6 және химия өнеркәсібі өнімдерін 7 пайызға арттыру есебінен қол жеткізілді. Жоғары өсу қарқынын тау-кен өнеркәсібі сақтап отыр. Бұл мұнай өндірудің 11,6 пайызға және көмір өндірудің 11,7 пайызға артуына байланысты. Сонымен қатар құрылыстың өсу қарқыны 18,4 пайызға дейін жеделдеді. 7,9 млн м2 тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылдың тиісті кезеңінен 6,6 пайызға артық.