Павлодарлық боксшыларды көгілдір экраннан көрсетеді

Павлодарлық боксшыларды көгілдір экраннан көрсетеді
Фото: автор

Семейде Қазақстан чемпионаты басталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

14-21 қазан аралығында Семейдегі «Абай Арена» спорт кешенінде бокстан ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты өтеді. Чемпионатқа 20 облыстан 371 боксшы қатысады: 246 ер және 125 әйел спортшы.

- Павлодар облысының атынан 15 боксшы қатысады: 13 ер және екі әйел спортшы, - дейді облыстық бокс федерациясының атқарушы директоры Азамат Мақажанов. – Біздің турнирдегі жоспарымыз – жеңіске жетіп, ұлттық құрамаға жолдама алу. Алда жаңа жарыстар күтіп тұр: біз өзімізді жақсы жағынан көрсетуіміз керек.

Финалдық жекпе-жек 21 қазанда өтеді. Айта кетейік, Қазақстан чемпионатының нәтижесінде 2026 жылға ұлттық құрама мүшелері іріктеледі.

Қазақстан чемпионатын «QAZSPORT» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.