Павлодар облысында осы апта боранды болады

Павлодар облысында осы апта боранды болады
Фото: Константин Шелков

Ауа температурасы -18 градусқа дейін төмендейді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, 16 желтоқсанда күндіз қар жауып, жаяу боран соғады. Сынап бағанасы түнде де, күндіз де -8…-13°С-ты көрсетеді. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

17 желтоқсанда түнде облыстың оңтүстігі мен шығысында қар жауып, жаяу боран күтіледі. Ауа температурасы түнде және күндіз -13…-18°С болады. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с.

18 желтоқсанда қар жауып, облыстың оңтүстігінде боран соғады. Ауа температурасы түнде    -13…-18°С, ал күндіз -10…-15°С шамасында болады. Желдің екпіні оңтүстікте 15-20 м/с-қа дейін жетеді.

19 желтоқсанда жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Ауа температурасы түнде және күндіз    -10…-15°С. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с болады.

20 желтоқсанда қар жауып, облыстың батысы мен оңтүстігінде боран соғады. Ауа температурасы түнде және күндіз -5…-10°С. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с.

21 желтоқсанда қар жауып, боран болады. Ауа температурасы түнде және күндіз -10…-15°С, облыстың солтүстігінде -18°С-қа дейін төмендейді. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.