Қазақстан халқының несиесі қанша триллионға дейін жетті?

Оның мөлшері жыл сайын артып келеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметінше, халыққа берілген кредиттер 2023 жылы 26,7%-ға өсумен салыстырғанда бәсеңсіп, 2024 жылы 23,9%-ға ұлғайып, 20,7 триллион теңгені құрады.
Халыққа берілетін кредиттер құрылымында ипотекалық кредиттер 2024 жылы 14,5%-ға 6,1 триллион теңгеге дейін өсті. Ипотекалық портфельдегі нарықтық бағдарламалардың үлесі 2023 жылмен салыстырғанда 26,6% - дан 30,2%-ға дейін ұлғайды.
2024 жылы тұтынушылық қарыздар 2023 жылғы 34,2%-дан баяулап, 33,5%-ға 13,8 триллион теңгеге дейін өсті.
2024 жылғы желтоқсанда бизнес субъектілеріне ұлттық валютада берілген кредиттер бойынша сыйақының орташа алынған мөлшерлемесі 19,7%-ды, халыққа – 17,0% құрады.