Қазақстанда білім беру жинақтаушы сақтандыру іске қосылды

Қазақстанда білім беру жинақтаушы сақтандыру іске қосылды
Фото: Константин Шелков

Бүгінгі таңда 6 млн теңгеден астам сомаға 51 білім беру жинақтаушы сақтандыру тіркелген.

Қазіргі уақытта мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне қатысушы банктер «Қазақстан Халық банкі» АҚ, «Jýsan Bank» АҚ, «Банк ВТБ» АҚ ЕҰ, «ForteBank» АҚ, «Нұрбанк» АҚ болып табылады. Олар екінші деңгейдегі банктерге «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында қойылатын талаптарына сәйкес келеді.

Жоғарыда аталған банктер 2022 жылғы 26 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қорының тізіліміне сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушылары болып табылады.

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ақпаратына сәйкес 2023 жылғы 1 маусымдағы  жағдай бойынша МБЖЖ-ға қатысатын банктердің депозиттерді қабылдауға, жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашуға және жүргізуге, кассалық операцияларды өткізуге лицензиялары болады.

МБЖЖ шеңберінде бүгінгі таңда 24 млрд теңгеден астам сомаға 14 мыңнан астам білім беру жинақтау салымдары тіркелген.

Қазіргі уақытта МБЖЖ салымдары есебінен оқитын студенттерге мониторинг жүргізу үшін МБЖЖ саласында ЖОО-мен 122 келісім және Қазақстан Республикасының колледждерімен 575 келісім жасалды.

2022 жылғы 12 қыркүйекте  сақтандыру ұйымдарына  МБЖЖ-не қатысуға мүмкіндік беретін заңнамалық түзетулер күшіне енді.

Бүгінгі күні Агенттік «мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шеңберінде өмірді сақтандыру» ерікті нысанында сақтандырудың қосымша сыныбын енгізе отырып, «өмірді сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына келесі сақтандыру ұйымдарына лицензиялар берді:

«Қазақстан Халық Банкінің өмірді сақтандыру бойынша «Халық-Life» еншілес компаниясы» АҚ;

«Freedom Finance Life» Өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ;

«Евразия» Өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ;

«NOMAD Life» Өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ.

Бүгінгі таңда 6 млн теңгеден астам сомаға 51 білім беру жинақтаушы сақтандыру тіркелген.