Қазақстандық көкпаршының қарсыластары моңғол шабандоздары болады
Моңғолия құрамасы көкпардан дайындық жиынын аяқтады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
– Біздің команда алдағы көшпенділер ойындарында жетістікке жету үшін көп жұмыс жасады, – деп түсіндірді «Көкпар» федерациясының президенті Ром Әуесхан. – Біз өз күшімізге сенімдіміз және моңғол көкпарының барлық әлеуетін көрсетуге ниеттіміз. Біздің спортшылар – батыл. Жеңіс үшін күресуге дайын.
Моңғолия Ұлттық құрамасын атынан 19 спортшы сынға түседі. Шабандоздарға жаттығу үшін Саксай Чужим мен Баян-Өлгийден көрнекті орындар бөлінді. Онда олар шеберліктерін шыңдап, жаңа тактикалық тәсілдерді әзірледі.
Айта кетейік, көшпенділер ойындарында көкпардан жарыс 9-12 қыркүйек аралығында «Қазанат» ипподромында өтеді. Оларға Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркия, Моңғолия, Венгрия, Қытай, АҚШ және Ресей командалары қатысады.